Коронавирус • 19 Қараша, 2021

10 өңір «жасыл» аймаққа шықты

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Қазіргі уақытта 2 өңір «қызыл» аймақта, 5 өңір «сары» аймақта, қалған өңірлер «жасыл» аймақта орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

10 өңір «жасыл» аймаққа шықты

«Қызыл» аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.